Бас жаңалықтар
Қазақстаннан Мальдив аралдарына тұрақты рейстер ашылады
08 Қыркүйек 2021, 15:19 113

Қазақстаннан Мальдив аралдарына тұрақты рейстер ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 4 қазаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы-Мале бағытында 4 тұрақты рейс ашады. Рейстер Б767 және А321LR әуе кемелерімен орындалады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.


Бұл бағыттағы ұшулар санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне байланысты қабылданады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...