Бас жаңалықтар
Қазақстанға ұшып келген 91 азаматта ПТР-анықтама болмаған
25 Қараша 2020, 11:39 170

Қазақстанға ұшып келген 91 азаматта ПТР-анықтама болмаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы халықаралық әуежайынан ПТР-анықтамасының мерзімі өтіп кеткен Ресей азаматы депортацияланды.

Бұл туралы Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына 13 халықаралық әуе рейсі келді: Египет, Түркия, Корея, БАӘ, РФ, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германия.

1420 жолаушының 1328-інде ПТР-анықтамасының нәтижесі теріс болды. Ал Қазақстанның 91 азаматының анықтамасы мүлдем болмады. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 әуе рейсі, 191 жолаушы, 184 - анықтамамен, 7 - анықтамасыз;

Алматы қаласы әуежайына - 9 әуе рейсі, 1229 жолаушы, 1145 - анықтамамен, 84 - анықтамасыз келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлеріндегі карантиндік стационарларға орналастырылып, коронавирусқа ПТР-тест тапсырды. Анализ нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Ресей азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды. Себебі оның коронавирусқа тапсырған тест анықтамасының мерзімі өтіп кеткені белгілі болды, - делінген департамент таратқан ақпаратта.



Фото: дереккөз
Загрузка...