Елімізге Pfizer вакцинасы қашан келеді?

19 Мамыр 2021, 17:02
2400
Бөлісу:
Елімізге Pfizer вакцинасы қашан келеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы өткен брифингте айтты.

Біз Pfizer вакцинасы бойынша бүгінде келіссөздер белсенді жүргізіп жатырмыз. Келіссөздер жүзеге асыру кезеңіне өтеді деп ойлаймыз. Бұл вакцина қолжетімді болса, міндетті түрде хабарлаймыз. Біз де, сіздер сияқты жақын арада Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізіледі деп үміттенеміз, - деді Шоранов.

Ол атағандай, бүгінде Қазақстан бірінші компонент бойынша 2-3 млн дозадан астам вакцина жеткізілді. Оның қоры әлі бар. Екінші компонентте 800 мың вакцина дозасы бар.

Сондай-ақ ол америкалық ғалымдардың коронавирус пандемиясы кезіңдегі өлім-жітімге қатысты статистикасының болуы туралы айтқан еді.

Алайда бізге аталған институттан ешқандай өтінім келіп түскен жоқ. Бірақ зерттеу жұмыстары көрсеткендей, бұл проблемаға барлық ел тап болды. Оның ішінде дамыған елдер де бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы