Қазақстанға атом станциясы қажет – Мемлекет басшысы

3 Қыркүйек 2021, 16:16
4245
Бөлісу:
Қазақстанға атом станциясы қажет – Мемлекет басшысы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикаға АЭС керек екенін айтты. 

Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Мен Қазақстан халқына Жолдауымда Қазақстанда атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерделеу міндетін қойдым. Мемлекеттің, халық пен бизнестің өзекті қажеттіліктерін тиісті шамада ескеру маңызды. Мен бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын кез келді деп санаймын. Өйткені Қазақстанға атом станциясы қажет, - деді Тоқаев Шығыс экономикалық форум - 2021-де онлайн режимде сөйлеген сөзінде.

Шығыс экономикалық форумы 2-4 қыркүйекте Владивостоктағы Қиыр Шығыс федерал университетінің кампусында өтеді.

Әлемдік энергия өндірісінің 60 пайыздан астамы АТӨ елдеріне тиесілі екенін ескерсек, бұл елдер алдында да жасыл энергетикаға көшу сияқты ұқсас міндеттер тұр деп топшылауға болады. Бұл жерде мемлекеттердің көміртек бейтараптығының өзекті проблемалары бойынша өзара іс-қимылы ерекше маңызға ие болады, – деді ол. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылдың ішінде қауіпсіз атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін жан-жақты зерделеп шығуды тапсырды. Оның айтуынша, 2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергияcының тапшылығы болады. Ал әлемдік тәжірибеге сәйкес, тиімді шешім бар. Ол – бейбіт атом.

Өзгелердің жаңалығы