Қазақстандықтарға қандай дәрі-дәрмек тегін таратылуда?

15 Қазан 2020, 17:50
1521
Бөлісу:
Қазақстандықтарға қандай дәрі-дәрмек тегін таратылуда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смайылова «Желмая» жобасында айтты. 

Жекеменшік дәріханалар жекеменшік субъекті болып есептеледі. Біз жекеменшік дәріханаларға дәріні жеткізбейміз. Олар өздері сатып алып, сатылым тізімін тағайындайды. Біз мемлекеттік ауруханалар мен емханаларды қамтамасыз етеміз. Дәрі-дәрмек пен препараттарды сұранысқа қарай сатып аламыз, - дейді Смайылова. 

Оның айтуынша, отандық тауар өндірушілердің дәрі-дәрмек шығару тізімі кеңейіп келеді. Қазір сатып алудың 30 пайызын отандық өндірушілердің өнімі құрап отыр. 

Болжанып отырған коронавирустың екінші толқынына дайындық ретінде дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жасақталды. Қорға 44 тапшы деген дәрі-дәрмектің түрі енді. Қазіргі таңда барлық медицина ұйымында бір айлық қосымша қор жасақталған. Оған 91 түрлі медициналық дәрі-дәрмек енді. Бірыңғай дистрибьютердің ел бойынша 4 ірі хабы бар, - деді ол. 

Смайылова тегін алынатын дәрі-дәрмектің жаңа нозологиясы енгізілгенін айтты. 

Қазақстандықтар 5 түрлі препаратпен тегін қамтамасыз етіліп жатыр. Осы күнге дейін 5 мың адам тегін рецептімен қамтамасыз етілді. Қордағы дәрі-дәрмек күнделікті толықтырылып жатыр. Екі айлық қор бір айда 60 мың науқасты емдеуге жетеді, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол «СҚ-Фармация» елге келген гуманитарлық көмекті өңірлерге жеткізуші оператор екенін атап өтті. 

ТЖ кезеңінде жеткізуші оператор болдық. Одан кейін 4 шілдеден бастап қайта жеткізуші оператор болып тағайындалдық. Гуманитарлық көмек туралы барлық ақпарат ресми сайтымызда бар. Оны кез келген азамат қарай алады. Барлық келген гуманитарлық көмек министрліктің келісілген шешіміне байланысты тең бөлініп өңірлерге жеткізіліп отыр, - деді Смайылова.
Өзгелердің жаңалығы