Қазақстандықтар елімізді жаңа қырынан ашып жатыр – сарапшы

12 Қазан 2020, 17:45
1461
Бөлісу:
Қазақстандықтар елімізді жаңа қырынан ашып жатыр – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен онлайн брифингте Алматы облысының туристік кластері қауымдастығының мүшесі, «Жібек Жолы» ЖШС директоры Тимур Дүйсенғалиев айтып берді.

Бүгінгі күні елімізде туризм тақырыбы өте өзекті. Бізде ресурс өте көп. Шынына келгенде қазақстандықтар жерімізді, елімізді жаңа қырынан ашып жатыр. Олар бұрын-соңды болмаған, тек фотолардан ғана көрген жерлерді өздері аралауда. Ең бастысы халық пассивті демалысты емес, яғни олар жағажайда демалып, дастархан басынды отыруды таңдап жатқан жоқ. Бұл – қазақша демалыс. Керісінше, халық оқиғалы форматты саяхатты таңдауда. Бұл тауға саяхат, сафари тур, өзенде жүзу, шыңға шығу болуы мүмкін. Белсенді демалысқа сұраныстың өсуі – бұл әлемдік тренд. Бұған Қазақстанда баяғыға қарағанда дайын. Бізде белгілі бір инфраструктура бар, бизнес те мұны дамытуға дайын, сұраныс бар, - деді ол.

Тимур Дүйсенғалиев айтқандай, экотуризмді дамытуға ҚР Үкіметі баса назар аударуда. Президенттің қыркүйектегі Жолдауында да экологиялық туризм сферасына басымдықтар нақты белгіленген. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Үкіметтің бастамасымен жасалған экономикадағы салалық өзгерістерді дайындау бағдарламасының менторымын. Яғни, 11 салалық топ бар. Олар жыл соңына қарай осы өзгерістердің жоспарларын әзірлеулері керек. Осы ретте Alpine Club-ты құрудың негізгі мақсаты - қауіпсіздікті, таудағы стандарттарды, алға дамуды қамтамасыз ететін өзін-өзі реттейтін туристік ұйым ретінде құру, - дейді сарапшы.

Kazakh Alpine Club мақсаты:

- тау аумақтарының даму жоспарын өңдеу мен іске асыруда тұрақты туризм қағидалары мен экологиялық тәжірибелер, технологияларды енгізу;

- тау инфрақұрылымын даму жоспарын өңдеу мен жүзеге асыруда экологиялық тәсілдерді енгізу; 

- ҚР бірегей туристік өнімдерін өңдеу және ілгері бастырту: 

- ҚР таулы аумақтарында халықаралық және ішкі туризмді танымал етіп ақпараттық сүйемелдеу.

Өзгелердің жаңалығы