Қазақстандықтар COVID-19-дың қандай штамдарын жиі жұқтырады?

11 Қазан 2021, 11:48
4227
Бөлісу:
Қазақстандықтар COVID-19-дың қандай штамдарын жиі жұқтырады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен «Үкімет сағаты» барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, министрлік вирустың мутацияға ұшыраған түрі мен басқа елден індет жұқтырып келу жағдайына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында вирусқа генетикалық зерттеу жүргізіп отыратын көрінеді.

2020-2021 жылдары 1 407 сынама зерттелді. Нәтижесінде наурыз айында Alpha «британдық» штам, Beta «оңтүстікафрикалық» штамм, маусым айында үнділік «дельта» штамы, тамызда «нигериялық» Eta штамы анықталды. SARS-CoV-2 вирусының түрлі нұсқаларының айналымымын анықтау мен мониторингілеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Айта кететін жайт, елімізде эпиджағдай тұрақталып келеді. Алайда Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл» аймақта. Тәулігіне 2000-ға дейін жағдай тіркеледі. 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда репродуктивті мөлшер 1,2 есеге азайды, яғни 1,11-ден 0,96-ға дейін төмендеген.

Еске сала кетейік, бұған дейін қанша антиваксер пікірін өзгертіп, вакцина салдыртқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы