Қазақстандықтар 23 млн теңгеге «Салық әмиянын» толтырды

21 Қазан 2020, 17:17
1234
Бөлісу:
Қазақстандықтар 23 млн теңгеге «Салық әмиянын» толтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салық төлеу процессі тағы да жеңілдеп, бұрын талап етілген төлем құжаттары азайтылды.

Бұл «Е–Salyq» мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны» қызметінің арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қосымшаларды «App Store» және «Play Market» - тен жүктеуге болады

Қазіргі таңда инновацияны – 7 090 адам пайдаланды. Олар өздерінің жеке шоттарын – 22,9 миллион теңгеге толтырды.

«Салық әмияны» қызметіне қаражат жіберу арқылы салық төлеуші бірқатар жеңілдіктерге ие болды, мысалы:

·       «Салық әмиянынан» салық берешегін автоматты түрде есептен шығару;

·       қарыз сомаларын бір салықтан екінші салыққа автоматты түрде аудару;

·       төлем туралы хабарлама алу;

·       негізсіз салық санкцияларын алып тастау;

·       қате төлемдерді жою;

·       салық салу объектілерін қарау.

Сондай-ақ, «Е – Salyq» мобильді қосымшасында азаматтарға ыңғайлы болу үшін жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді қарауға, салықтың қандай көлік құралдарымен есептелгенін көруге мүмкіндік бар.

Бұд қызмет сізге көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қосқанда, оны атынан шығаруға (сатуға) байланысты көлік құралын мәліметтер базасынан шығарып тастау үшін онлайн режимінде жүгінуге мүмкіндік береді.

Іске қосылғаннан бастап, ағымдағы жылдың 19 қазанына дейін – 7 493 адам саны түзету мүмкіндігін пайдаланып үлгерді, оның – 7 312-сі көлікке, 117-сі мүлікке қатысты.

Интерфейсте тиісті сату құжаттарын немесе көлік құралының деректерін түзету жеткілікті. Бірнеше күн ішінде ақпарат түзетіледі.

Сонымен қатар, 30 маусымнан бастап – 507 салық төлеушілер артық төлемдерді басқару қызметін қолданып үлгерді. Олар салықтардың басқа түрлері бойынша бұрыннан бар артық төлемдерден – 19,4 миллион теңге көлемінде салық төледі.

Жалпы, порталға кіріп, мобильді қосымшаны – 96 263 адам жүктеп үлгерді.

Төленуге жататын көлік салығының сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталы, egov.kz электронды үкімет порталы, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша аудандық Мемлекеттік кірістер басқармалары арқылы білуге болады.


Өзгелердің жаңалығы