Қазақстандықтар 2022 жылы қалай демалады?

15 Қазан 2021, 09:35
9782
Бөлісу:
Қазақстандықтар 2022 жылы қалай демалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы қазақстандықтарда 245 жұмыс күні мен 120 демалыс күні болады. Көптеген мерекелік демалыс 3-4 күнге созылады.

Күнтізбе бес күндік жұмыс немесе оқу аптасы бойынша жасалды.

2022 жылы болатын ең ұзақ демалыстар:  

қаңтарда - Жаңа жылда 4 күн; 

наурызда - Халықаралық әйелдер күнінде 3 күн және Наурыз мейрамында 5 күн; 

мамырда - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн; 

желтоқсанда - Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалады. 

7 қаңтардағы Рождество мейрамы жұмаға түсіп тұрғандықтан үш күн қатарынан демаламыз. Ал Құрбан айт сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр. Заң бойынша діни мейрамдар демалыс күнге түскен жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.  

Өзгелердің жаңалығы