Қазақстандық және ресейлік вакцинаны алмастырып егуге болмайды – сарапшы

23 Сәуір 2021, 13:29
2533
Бөлісу:
Қазақстандық және ресейлік вакцинаны алмастырып егуге болмайды – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингінде айтты.

Қазақстандық пен ресейлік вакцина мүлдем әртүрлі. Инактивтелген вакцина және вирустың ақуыздарын қосу арқылы жасалған вакцина. Олардың үйлесуі қарастырылмаған. Біртиптік вакциналар бір-бірін алмастыра алатын еді. Мысалы, ресейлік және AstraZeneca сынды біртипті вакциналар бір-бірін алмастыра алады. Алайда гепатитикалық тұрғыдан алғанда клиникалық зерттеулердің нәтижесінде ғана алуға болады. Қазақстандық және ресейлік вакцина гепатитикалық тұрғыда талқыланбауы керек. Олар әртүрлі вакцина болғандықтан, егу үрдісінде оларды араластыру дұрыс емес, - деді Гуляев.

Оның айтуынша, вакцинадан клиникалық есепте жазылған әсерді күтуге болады.

Қазақстандық вакцинаның клиникалық есебі көрсеткендей, оның иммуногендігі қалыпты деңгейде, қажетті антиденені қалыптастыра алады. Біз сынақтың үшінші кезеңі бойынша толық есепке ие болмадық. Алайда бірінші және екінші кезең бойынша алынған нәтижелер вакцина антиденені қалыптастыратынын көрсетті. Вакцинаның нәтижелігі иммунитет қалыптастыру болып табылады. Вакцинаның тиімділігі алдын ала ауруға қарсы тұра алуына қатысты шығарылады. Қазақстандық вакцинаға қатысты алдын алу нәтижесін әлі алмадық. Әзірге ол қауіпсіз және антидене қалыптастыратынын білеміз, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы