Қазақстандық вакциналар үндістандық штамнан қорғай ала ма? Бекшин жауап берді

23 Маусым 2021, 13:34
5623
Бөлісу:
Қазақстандық вакциналар үндістандық штамнан қорғай ала ма? Бекшин жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. QazVac және Sputnik V вакциналары коронавирустың дельта штамынан қорғауға мүмкіндігі бар-жоқ екендігі айтылды. 

Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде айтты.

«Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың таралуын алдын алу шаралары» тақырыбында Алматы әкімдігінде онлайн форматта өткен брифингте журналист QazVac және Sputnik V вакциналары коронавирустың мутацияланған түрлерінен қалай қорғайтынына қатысты сауал қойды.

Біздің QazVac және Sputnik V вакциналарын әзірлеушілердің мәлімдемесі бойынша бұл вакциналар айналымдағы барлық белгілі штамнан, оның ішінде үндістандық штамнан (дельта штамм – ред.) да қорғайды, - деп жауап берді Жандарбек Бекшин брифингте қойылған журналистің сұрағына.

Еске сала кетейік, брифинг кезінде Жандарбек Бекшин Алматыда қаласында коронавирустың мутацияланған дельта штамы анықталғанын мәлімдеді. Қаланың бас санитар дәрігері вирус анықталған пациент жайында ақпарат берді. Пациент қазіргі күні инфекциялық стационарда ем қабылдап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы