Бас жаңалықтар
Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты
22 Сәуiр 2021, 06:21 252

Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасының төрт боксшысы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан командасынан жартылай финалда бес боксшыдан біреуі ғана жеңілді. Осылайша, құрамадан жалпы бес боксшы жүлдеге ілігіп тұр. 

2021 жылғы жастар чемпионатында финалға шыққан командалар:

бес боксшы – Ресей;

төрт боксшы – Қазақстан;

үш боксшыдан – Украина мен Өзбекстан;

бір боксшыдан – Куба, Польша, Армения, Жапония және Үндістан.

Финалға шыққан төрт боксшы: Сабыржан Аққалықов (64 келі) жартылай финалда үндістандық Анкит Нарвалды жеңді. Елнұр Сүйінбай (60 келі) колумбиялық Джон Элин Оробиодан басым түскен.

Ерболат Сабыр (56 келі) Еуропа чемпионы ресейлік Алексей Шендриктен басым болды, ал жеңіл салмақтағы Санжар Тәшкенбай үндістандық Бишвамитр Чонгтамды жеңген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...