Қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

11 Шілде 2021, 09:39
3261
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 шілдеде Ұлттық теннис орталығының орталық ашық кортында Kerey Challenger 80 жарысының жеке және жұптық сайыстарының ресми жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар арасында алғаш болып електен өткен Денис Евсеев Босния және Герцеговина теннисшісі Мирза Басичпен ойнайды. Ұйымдастырушылар тарапынан wild card-қа ие болған қазақстандықтардың қарсыластары да белгілі болды. Григорий Ломакин бастапқы ойында канадалық Петр Поланскимен кездеседі. Достанбек Ташбулатов австралиялық Джейсон Кублердің арынын басуға тырысса, Бейбіт Жұқаев америкалық Ник Чаппеллге қарсы ойын өткізеді.

Сондай-ақ, жұптық сында жеребе тастау нәтижелері белгілі болды. Достанбек Ташбулатов пен Тимур Хабибулин ресейліктер Андрей Кузнецовқа/Роман Сафиуллинге қарсы ойнайды. Денис Евсеев Ресей өкілі Евгений Карловскимен жұптасып, бірінші раундта украиналық Владислав Манафовпен және ресейлік Павел Котовпен ойнайды. Григорий Ломакин мен ресейлік Артем Дубринді қиын сынақ күтіп тұр. Олар турнирдің бірінші айналымында канадалық Петр Поланскимен және украиналық Сергей Стаховскимен кездеседі.
Өзгелердің жаңалығы