Қазақстандық тауар экспорттаушыларға 574 млн теңгеден астам қаражат өтелді

22 Сәуір 2021, 21:51
2155
Бөлісу:
Қазақстандық тауар экспорттаушыларға 574 млн теңгеден астам қаражат өтелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) төрт отырысының қорытындысы бойынша 17 субъектіден жалпы сомасы 574 391 210,76 теңгеге 27 өтінім мақұлданды.

Оның ішінде:

1) отандық өңделген тауарларды жылжытуға (жарнамалауға) субъектіден жалпы сомасы 428 571 теңгеге өтінім.

2) отандық өңделген тауарларды жеткізуге 16 субъектіден жалпы сомасы 573 962 639,76 теңгеге 26 өтінім, атап айтқанда:

- теміржолмен  жеткізу 480 943 491,52 тг;

- автомобильмен жеткізу 62 758 487 тг;

- авиа-жеткізу 30 260 660,84 тг.

Мақұлданған өтінімдердің 17-сі шағын бизнестен, 4-і орта және 6-ы ірі бизнес өкілдерінен келіп түсті.

Жақын арадағы Ведомствоаралық комиссияға жалпы сомасы 853,6 млн.теңгеге 51 өтінім шығару жоспарлануда: 31 өтінім шағын бизнестен, 13-орта және 7-ірі бизнестен (11-жоғарғы бөленістер, 31-орта және 9-төменгі бөліністер) келіп түсті.

Қазіргі уақытта экспорттаушы кәсіпорындардан тағы 262 өтінім қарастырылуда.

Қабылдау басталғаннан бері экспорттаушы кәсіпорындардан барлығы 474 өтінім келіп түсті.

Осы жылы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган өтінімдерді қабылдауды 2021 жылғы 26 қаңтарда бастады, ал өткен жылы қабылдау тек 12 наурызда басталған болатын. Биыл,ы жылдың бірінші тоқсанында Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) төрт отырысы өткізілді, ал 2020 жылы бірінші тоқсанда тек 41 өтінім түстіп, бірде-бір ВАК өткізілмеді.

Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша кәсіпкерлердің шығындарын өтеуге өтінімдерді сапалы беруді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің сыртқы нарықтарға отандық өңделген тауарларды жылжыту жөніндегі операторы "QazTrade" АҚ - ы түсіндіру жұмысын жүргізеді.

15-21 сәуір аралығында Қостанай, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының экспорттаушылары үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстары күн сайын сағат 15.00-де ZOOM форматында жүргізіледі.

Алматы қаласы – 2021 жылғы 22 сәуір;

Нұр-Сұлтан қаласы – 2021 жылғы 23 сәуір;

Шымкент қаласы – 2021 жылғы 26 сәуір;

Жамбыл облысы – 2021 жылғы 27 сәуір;

Қызылорда облысы – 2021 жылғы 27 сәуір;

Батыс Қазақстан облысы – 2021 жылғы 28 сәуір;

Қарағанды облысы – 2021 жылғы 29 сәуір;

Солтүстік Қазақстан облысы – 2021 жылғы 30 сәуір;

Павлодар облысы – 2021 жылғы 30 сәуір.

Мамыр айында салалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«QazTrade» АҚ өңірлік экспорттық кеңестердің 7 отырысына қатысты, солардың барысында шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша консультациялар да өткізіледі. Жақын арада «QazTrade» АҚ өкілдерін жіберу жоспарлануда, олар өңірлерде болады және жергілікті жерлерде кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы