Қазақстандық сурдо-дзюдошылар әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатыр
29 Қазан 2021, 15:28 249636

Қазақстандық сурдо-дзюдошылар әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның Версаль қаласында есту қабілеті нашар спортшылар арасында дзюдодан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыста 26 елден келген 150-ден астам спортшы кім мықтыны анықтайды.

Аға жаттықтырушылар Болат Данияров пен Самат Апаковтың жетекшілігімен Қазақстан атынан 14 дзюдошы аттанған еді. Қазақстандық татами шеберлері жарыстың алғашқы күні жүлделі орынға ие болды. Дзюдошы Әлдібек Нұрмұхаммед 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болса, 70 келіге дейінгі салмақта Шаяхмет Қанапиянов 3-орынды иеленді, - делінген хабарламада.


Бағдарламаға сәйкес, 29 қазан, жұма күні келесі салмақ дәрежесінде жекпе-жектер өтеді:

Әйелдер: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг.

Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг.

Ал сенбі, 30 қазанда «Ката» бағдарламасы бойынша жарыс өтеді. Айта кетейік, 28 қазанда басталған чемпионат 30 қазанда аяқталады. Әлем чемпионатын келесі сілтемелер арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады:

1 күн: https://youtu.be/xQFFfEN2-mU

2 күн: https://youtu.be/224eMv753JI

3 күн: https://youtu.be/edhYoijKEq8

4 күн: https://youtu.be/84quCJIKg2s


Фото: дереккөз
Загрузка...