Қазақстандық спортшылар жүзуден Ресей біріншілігінде бақ сынайды

4 Сәуір 2021, 07:10
1243
Бөлісу:
Қазақстандық спортшылар жүзуден Ресей біріншілігінде бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшылар жүзуден Ресей чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Татарстан астанасы Қазанда 3-9 сәуірде жүзуден Ресей біріншілігі өтеді. Аталған бәсекеге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, сондай-ақ Александр Варакин, Аделаида Пчелинцева, Әділ Қасқабай және Әділбек Мусин Қазақстан сапынан қатысады.

Қазіргі Ресей чемпионаты FINA-мен Токиодағы Олимпиада ойындарының стандарттарына сай келетін іріктеу жарысы ретінде бекітілген. Жарыстың бірінші күні Аделаида Пчелинцева (50 м брасс әдісімен), Әділ Қасқабай (50 м арқамен жүзу) және Дмитрий Баландин (100 м брасс) бақ сынайды.

Әйелдер арасында 50 метрге брасс және ерлер 50 м арқамен жүзу, сондай-ақ ерлер арасында 100 м қашықтықтағы жартылай финал мен финалдан тұратыр кешкі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 21: 00-де басталады.

Өзгелердің жаңалығы