Бас жаңалықтар
Қазақстандық спортшылар Токиода өтетін Олимпиада ойындарына 53 лицензия жеңіп алды
15 Мамыр 2021, 08:45 249

Қазақстандық спортшылар Токиода өтетін Олимпиада ойындарына 53 лицензия жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан спортшылары Токиода өтетін олимпиадаға 22 спорт түрінен 53 лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды ortcom.kz.

Мұндай мәліметтерді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдындағы есептік кездесуінде айтты.

Оның айтуынша, ұлттық құраманы спорттың 30 түрі бойынша өнер көрсететін спортшылар таныстырады.

2021 жылдың 1 шілдесіне дейін 15 лицензиялық турнирлер мен чемпионаттарға қатысу жоспарлануда, онда олимпиадалық құрама команданың спортшылары қосымша лицензияларды алатын болады. Сондай-ақ, біз паралимпиадалық қозғалысты қолдаймыз. Бүгін Токиода өтетін жазғы Паралимпиада ойындарына қатысу үшін еліміздің құрама командаларын даярлау жүргізілуде. Біздің спортшылар спорттың үш түрінен тоғыз лицензия жеңіп алды, – деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, 20 шілдеге дейін Ұлттық паралимпиада құрамасы сегіз біліктілік турнирінде қосымша лицензия алу үшін бақ сынайды.

Бірыңғай күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2020 жылы ұлттық құрама спортшылары 190 халықаралық және 207 республикалық спорттық жарыстарға қатысты. Соның ішінде алты халықаралық деңгейдегі жарыс біздің республика аумағында өткізілді. Қазақстандық спортшылар 217 медаль жеңіп алды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...