Бас жаңалықтар
Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатының финалына шықты
19 Тамыз 2019, 20:05 199

Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатының финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Хатиодзи қаласында өтіп жатқан спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатында Ришат Хайбуллин қазақстандық көпсайыс финалына жолдама алды. 

Olympic.kz хабарлауынша спорттық құзға өрмелеу көпсайысынан (жылдамдық+қиындық) финалға сегіз спортшы ғана қатыса алады. Ал қазақстандық спортшы Хайбуллин алтыншы орынмен ақтық сынға өткен болатын. Әзірге бірінші орында – Германия, екінші орында – Австрия, үшінші сатыда Жапония спортшылары тұр. 

Осыған дейін «Жылдамдық» бойынша сынға түскен Ришат Хайбуллин 14-орыннан көрінді. Боулдерингтен ерлер арасындағы бәсекеде ол 41-орын иеленді.

Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық