Қазақстандық спортшы АҚШ-тың 14 дүркін чемпионын нокаутқа жіберді

22 Тамыз 2021, 09:20
9403
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы АҚШ-тың 14 дүркін чемпионын нокаутқа жіберді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гамбургтегі (Германия) Universum gym аренасында бокс кеші өтті. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ауыр салмақтағы (90,7 кг-нан астам) Жан Кособуцкий АҚШ-тың 14 дүркін чемпионы Джоуи Давейкомен қолғап түйістірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауыр салмақтағы он екі раундтық жекпе-жекте Кособуцкийге тиесілі WBA International нұсқасы бойынша чемпионның белбеуі болды. Қазақстандық спортшы екінші раундта мерзімінен бұрын нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл қазақстандық кәсіпқой боксшының рингтегі қатарынан 16-шы жеңіс. Джоуи Давейко тоғызыншы жеңіліске ұшырады.


Ауыр салмақтағы WBA International титулын Кособуцкий осы жылдың 20 ақпанында Гамбургте өткен алдыңғы жекпе-жегінде жеңіп алған еді. Бұл жекпе-жекте Жан төртінші раундта нигериялық Онориоде Эвариемді нокаутқа жіберген болатын (18-2, 17 КО).


Өзгелердің жаңалығы