Бас жаңалықтар
Қазақстандық полиция ТМД бойынша іздеуде жүрген қылмыскерді ұстап берді
04 Қазан 2021, 11:24 3436

Қазақстандық полиция ТМД бойынша іздеуде жүрген қылмыскерді ұстап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте айтты.

25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында ІІМ ТМД елдерімен бірлескен «Іздестіру» операциясын өткізді, оның барысында іздеуде жүрген 343 қылмыскер анықталып, ұсталды. Оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 3, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 7, қарақшылық үшін – 2 және тонағаны үшін 3 адам ұсталды, - деді Ораз.

Ол атағандай, республикадан тыс жерде, соның ішінде ТМД елдерінде іздеудегі 33 адам ұсталды.

Қазақстандық полицейлер ТМД елдерінде іздеудегі 108 қылмыскерді ұстады. Мәселен, Павлодар облысының полиция қызметкерлері 2001 жылдың шілде айынан бастап Пермь қаласында кісі өлтіргені үшін іздестіріліп жатқан адамды ұстады. Шымкентте «Гранд Прага» мейрамханасында кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген адам ұсталды. Талдықорғанда қазақстандық полицейлер Ресей Федерациясының Бурятия аумағында адам ұрлау және бопсалау үшін 2014 жылдан бері іздеуде болған қылмсыскерді ұстады, - деді ол.

Сондай-ақ Алматы полиция департаментінің іздестіру тапсырмасы бойынша Мәскеуде қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздестіріліп жатқан қылмыскер ұсталды.

Ресейдің Челябі қаласында қылмыстық қоғамдастық құрғаны және оны басқарғаны үшін Қостанай облысының полиция департаменті 2013 жылдан бері іздеуде жүрген адамды ұстады. Ал Челябі облысында трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны және оны басқарғаны үшін Шығыс Қазақстан полициясы іздестіріп жатқан адамды ұстады, - деді Нұрділдә Ораз.



Фото: дереккөз
Загрузка...