Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың жарты жылында қазақстандық курорттар 22,2 млрд теңге табыс тапты, деп хабарлайды LS.
Курорттық аймақтардың табысы 74,8%-ға (12,7 млрд теңгеден) өсті. Сондай-ақ қызмет көрсетілген қонақтар саны 593,8 мың адамнан 969,9 мың адамға дейін өсті (өсім 63,3%-ды құрады).
Бірінші жартыжылдықта Алматы тау курорттық аймағы жұмыс істей бастады, Ең көп табысқа кенелген де осы курорт. Өзінің қонақжайлылығының арқасында қонақ үйлер мен демалыс базаларына 12,3 млрд теңге табыс түсті.
Щучье-Бурабай курорттық аймағы – 3,8 млрд теңге, Маңғыстау курорттық аймағы – 3 млрд теңге, Түркістан курорттық аймағы – 944 млн теңге, Алматы курорттық аймағы-477,1 млн теңге пайда тапты. Алтайдағы қазақстандық курорттар 277,6 млн теңге, Қарқаралы – 263,5 млн теңге, Балқаш – 244,5 млн теңге тапты.
Осы кезеңде Сарыағаш курорттық аймағы 160,1 млн теңге, Алакөл курорттық аймағы Алматы облысының аумағында 142,8 млн теңге, ал ШҚО – да 140,1 млн теңге табыс тапты.
Баянауыл курорттық аймағы 94,8 млн теңге, Бұқтырма – 84,3 млн теңге, Имантау-Шалқар – 42 млн теңге, Зеренді – 37 млн теңге, Қостанай – 33,4 млн теңге пайдаға кенелді.
Бұл ретте Ұлан курорттық аймағының қонақ үйлері мен демалыс базалары – 21,8 млн теңге, Катонқарағай ауданының қонақ үйлері мен демалыс базалары - 10,6 млн теңге, Байқоңыр туристік аймағы – 135 мың теңге пайда тапқан.