Қазақстандық кәсіпкерлер ЕАЭО нарығына кедергісіз шығуды көздейді

2 Наурыз 2021, 20:44
1652
Бөлісу:
Қазақстандық кәсіпкерлер ЕАЭО нарығына кедергісіз шығуды көздейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында қазақстандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесіп, бизнес өкілдері комиссия алаңында қарауды талап ететін өзекті мәселелерді ортаға салды.

Кездесуге «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясникович, Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және мемлекеттік органдар, ЕЭК пен ҰКП өкілдері қатысты. Айта кету керек, Михаил Мясникович бастаған делегация құрамында 11 адам, оның ішінде екі министр бар.

Кәсіпкерлер химиялық өнімді техникалық реттеу және жаппай тіркеу, автомобиль өнеркәсібіндегі кооперация және ҚХР-дан келетін рессорларға қатысты демпингке қарсы шараны қолдану, қазақстандық тауарлардың Одақ елдерінің аумағы арқылы транзит мәселелерін көтерді.

Қазір бизнес Одақтың жұмысын және мұның ұзаққа созылатынын түсінгенін көріп отырмыз. Елдер мұндай үлкен нарықтан пайда тапқысы келгені түсінікті, Қазақстан кәсіпкерлері де соған сенеді. Көптеген мәселе шешілді, дегенмен бизнес өз мәселесін жылдам, шұғыл шешуді көздейді және біз бұл бағытта Комиссиямен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Ұлттық палата министрліктермен, Одақ органдарымен жақсы байланыс орнатты, - деді «Атамекен» ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов.

2020 жылы Қазақстанның ЕАЭО-мен тауар айналымының көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 9% қысқарып, 19,7 млрд АҚШ долларын құрады. Осы кезеңде экспорт 14% төмендеді, ал 2014 жылмен салыстырғанда 23% азайғаны байқалады.

Біз комиссияда одақтық және ұлттық мүдделер кешенді түрде іске асырылуы тиіс деп есептейміз, – деді ЕЭК төрағасы Мясникович.

Ол ЕАЭО аясындағы маңызды міндет негізгі капиталға инвестициялардың өсуін ынталандыру болатынын атап өтті. Сондай-ақ ЕАЭО елдерінде экономиканы қолдау көрсеткішін Батыс елдері, Жапониямен салыстырды.

Экономиканың нақты секторын ЕАЭО-дағы ЖІӨ деңгейінен қолдау Батыс елдеріне немесе Жапонияға қарағанда айтарлықтай төмен. Мысалы, Арменияда ол 3,5%, Беларусьте – 1,9%, Қазақстанда 9%, Қырғызстанда 7,4%, Ресейде 6,5%, ал бұл көрсеткіш АҚШ-та 19,2%, ЕО-да 10,6%, оның ішінде Германияда 38,9%, Францияда 23,5%, Италияда 42,3%. Одақ дағдарыс болмай тұрып, таяу болашақта дағдарысқа дейінгі тауар нарығында одан да елеулі бәсекелестікке тап болуы мүмкін. Мәселе экономиканы бүгін сақтап қалуда емес, ертеңге дейін оның технологиялық трансформациясын даярлауда болып тұр, - деді ЕЭК төрағасы.

Михаил Мясниковичтің айтуынша, капиталды, ең алдымен, инновациялық өндірістерге, сондай-ақ кадрларға тарту керек. Сонымен қатар ЕЭК алқасының басшысы комиссияның Стратегия-2025-ті іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленіп жатқанын атап өтті. Оның аясында Одақтың өндірістік интеграциялық өзегі ретінде Бірлескен Еуразиялық компаниялар құру көзделеді.

Комиссия тараптардың ұсыныстары негізінде ЕАЭО Индустрияландыру картасын әзірледі. Оған 21 кіші салада, 550-ден аса технологиялық бағытта құны 300 млрд АҚШ долларынан асатын 185 ірі инвестициялық және маңызды жобалар кірді.

Қазақстан бойынша ЕАЭО Индустрияландыру картасына құны 44,4 млрд АҚШ доллар болатын 12 жоба кірді. Осыған байланысты ЕЭК алқасының төрағасы Қазақстанның мемлекеттік органдары мен бизнесіне ұйымдық-құқықтық нысандарын жүргізу және оларды қаржыландыру көздері бойынша ұсыныстар берді. Михаил Мясникович мұндай кездесулер комиссия мен Одақ елдерінің жақсы дәстүріне айналатынына сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы