Бас жаңалықтар
«Қазақстандық ғалымдарды қолдаймын!». Лауазымды тұлғалар QazVac вакцинасын салдырды
PHOTO
04 Мамыр 2021, 17:03 121

«Қазақстандық ғалымдарды қолдаймын!». Лауазымды тұлғалар QazVac вакцинасын салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап халықты КВИ-ге қарсы жаппай вакцинациялау жүріп жатыр.

Ең алдымен халықтың вирусты тез жұқтырып алу қаупі басым – медқызметкерлер, мұғалімдер мен әскери қызметкерлер вакцина салдырды. Олардың басым көпшілігі Sputnik V екпесін алды.


Сонымен қатар, 26 сәуірден бастап елімізде отандық QazVac вакцинасы салына бастады. Оны алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алды. 


Министр Цой 26 сәуір күні QazVac вакцинасын елордадағы №9 емханада салдырды.

Министрдің жолын Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов та жалғастырды. Ол Нұр-Сұлтан қаласының №9 емханасы базасында отандық QazVac коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды.


Бірінші вице-министр вакцинаның жанама әсерлерін сезінбегенін, өзін жақсы сезінетінін айтып, жағдайымен бөліскен болатын.

Қазіргі күні бұл препарат елдің әр өңіріне жеткізіліп жатыр.

Отандық вакцинаны салдырғандар да аз емес. Олардың қатарында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек те бар. Ол екпені 30 сәуірде салдырып, әлеуметтік желіде отандық вакцинаға қатысты пікірін жазған еді.


Бүгін отандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасын салдырдым. Біздің еліміз коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған әлемнің 5 елінің бірі болды. Жамбыл облысы Қордай ауданында жасалған вакцина қазіргі таңда еліміздің барлық өңіріне жеткізілді. Біз бұл ауруды тек жаппай вакцинация жүргізу арқылы ғана жеңеміз! Бүгінгінің батыры - дәрігерлерімізге шын жүректен тағы да алғыс айтқым келеді, - деген болатын облыс әкімінің орынбасары.


Сонымен қатар, бүгін қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан да отандық вакцинаны салдырды.

Мен өзіміздің қазақстандық ғалымдарды қолдаймын және сенемін! QazVaс-ты салғыздым. Астанада Абу-Даби ғимаратының 2-қабатында вакцинациялау пунктінде салып жатыр. Кезек жоқ, 10 минут ішінде салып жіберді. Тағы 30 минут отырасың, кетесің, - деп жазды Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 4 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 422 204 адам вакцина салдырды.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//