Бас жаңалықтар
Қазақстандық ғалымдар инсульттан кейін оңалтуға арналған титан импланттарын ойлап тапты
PHOTO
01 Қазан 2021, 10:37 3668

Қазақстандық ғалымдар инсульттан кейін оңалтуға арналған титан импланттарын ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жердің кіші жасанды спутниктерінің инновациялық конструкторларын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ойлап тапты. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылғы оқушылар мен студенттерді ғарыштық аппаратты жобалау және құрастыру негіздеріне үйретуге арналған. Жабдық мемлекеттік тілде бағдарламалық қамтамасыз етумен және қажетті әдістемелік материалдармен жарақталған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Илон Маск компаниясы ЖОО ғалымдары әзірлеген «Al-Farabi -2» наноспутнигін іске қосқан болатын.


Конструктормен жұмыс істеу барысында білім алушылардың технология саласындағы дағдылары дамиды. Олар осы ғарыш аппаратын жобалауда практикалық білім алады. Конструктордың көмегімен оқушы немесе студент өз наноспутнигін жинап, оны гелий шарының көмегімен стратосфераға жібере алады. 2017 жылы ҚазҰУ-дың «Al-Farabi-1» алғашқы наноспутнигі ғарышқа ұшырылғанын атап өткім келеді. 2018 жылы Илон Маск компаниясы біздің университетте құрылған «Al-Farabi-2» екінші наноспутнигін іске қосты, - деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінің директоры Әмірхан Темірбаев.


Сондай-ақ ҚазҰУ ғалымдары физика заңдарын зерттеу үшін мобильді аппараттық-бағдарламалық кешен құрды. Жабдықтың көмегімен әртүрлі зертханалық жұмыстарды жүргізуге болады. Кешен басқа жабдықтармен салыстырғанда бірқатар артықшылыққа ие. Мобильді аппараттық-бағдарламалық кешен ықшам және мобильді: бүкіл кешен портативті чемоданға салынып, батареямен жұмыс істейді.


Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары медициналық имплантант үлгілерін шығару бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскі құрды. Өнімдер жергілікті шикізат — жоғары сапалы титаннан жасалған. Жоба жоғары технологиялық саланың импортын алмастыруға бағытталған. Отандық импланттар өзіндік құны бойынша айтарлықтай төмен, яғни азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қолжетімді.


Біз травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен бірлесе сынықтарға арналған 12-ден астам сұранысқа ие имплантатты анықтадық. Біз жасаған инновациялық титан кейдждері омыртқа аралық дискілерді ауыстыру үшін қолданылады. Олар құрылымы мен қасиеті бойынша барынша адам сүйегіне ұқсас. Біз имплантаттарды 3D-принтерде басып шығарамыз, қазір тәжірибелі үлгілер клиникалық сынақтардан өтіп жатыр. Титан импланттарының адам ағзасына тез бейімделетіні байқалады, — деді Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі орталықтың ғылыми қызметкері, PhD доктор Бағдат Азаматов.


Dulaty University студенттері инсульт алған науқастарды оңалтуға арналған инновациялық тренажерлер ойлап тапты. Олар өздері жасап шығарған жаңашылдықты «Science Slam-Қазақстан» ғылыми-танымал шоуында таныстырып, жас ғалымдар арасындағы байқаудың жеңімпаздары атанды.


Біз алдымызға инсультпен ауыратын науқастарды оңалтуға арналған арзан әрі тиімді тренажерды әзірлеу міндетін қойдық. Дизайнның ыңғайлы етіп жасалуына байланысты тренажерлерді әртүрлі бұлшықет топтарына жаттығулар жасау үшін қолдануға болады. Сіз жүктеме дәрежесін және серіппелердің кернеуін өзгерте аласыз. Сондай-ақ тренажерлардың көмегімен инсульт алған науқастарды оңалту үрдісін айтарлықтай тездететін жеке курстар ұйымдастыруға болады. Отандық тренажерлардың тағы бір артықшылығы – олардың ыңғайлылығы. Тренажерлер металдан, ағаштан және былғарыдан жасалған. Сондықтан олар беріктігі жоғары және тозуға төзімді, — деді әзірлеушілердің бірі, жас ғалым Александр Скалкин.



Фото: дереккөз
Загрузка...