Бас жаңалықтар
Қазақстандық домбырашылар британиялық байқауда жеңімпаз атанды
VIDEO
26 Мамыр 2021, 16:50 9849

Қазақстандық домбырашылар британиялық байқауда жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Ұлыбританиядағы Golden Time Talent байқауының жеңімпазы атанды.

Осыған дейін Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Ұлыбританиядағы Golden Time Talent байқауының гранд-финалына өткені мәлім болған еді. Соңғы сында қазақ домбырашылары Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін шертіп, қазіргі заман туындыларынан попурри орындады.

Hollywood төріне қазақтың қара домбырасын алып шығып, 72 ел қатысқан додада алтын медальға ие болдық. Құтты болсын, Қазақстан, – деп жазды Темірлан Олжабаев өзінің парақшасында.

Ұйымдастырушылар шоудың гранд-финалын Лос-Анжелесте 23-27 мамыр аралығында өткізуді жоспарлаған еді.

Ал бүгін Темірлан Олжабаев өзінің парақшасында байқауда жеңіске жеткендерін жазды.

Сүйінші, Қазақ елі! «Golden time talent» әлемдік байқауында 1-орын - біздікі. Британиялық және қазақстандық командамызға көп рахмет, - деді ол.

Айта кетейік екі домбырашыдан тұратын ұжым 2017 жылы құрылған. Олар Димаш Құдайбергенмен бірге I'm a Singer байқауына Қытайға барған еді. Халықаралық байқауларға жиі қатысады.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...