Бас жаңалықтар
Қазақстандық COVID-паспорттар шетелде жарамды ма?
30 Сәуiр 2021, 13:04 1060

Қазақстандық COVID-паспорттар шетелде жарамды ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу барысында жауап берді.

Бұл мәселе қазір, соның ішінде шет мемлекеттерде де талқылануда. Қазіргі уақытта әлемде қозғалысты шектеу бойынша нақты белгіленген нормативтік құжат жоқ. Бұл мәселе әлі қаралып жатыр, - деді ол.

Министр осы бағыттағы жұмыстарға толығырақ тоқталды.

Біз Қазақстанда өз ақпараттық жүйемізді дайындадық, қазір әрбір азаматтың вакцинаның екі дозасынан кейін алынған электрондық екпе паспорты бар. Негізінде, егер халықаралық заңнама өзгертілсе,біз әрқашан интеграцияға дайынбыз және біздің ақпараттық жүйелеріміз басқа халықаралық жүйелермен интеграцияға дайын. Қазіргі уақытта мұндай талаптар жоқ, - деп түйіндеді министр.

Айта кету керек, бүгінгі есеп беру кездесуі барысында министр 2020 жылғы қызметі және ведомствоның 2021 жылға арналған жоспарлары туралы әңгімеледі.

Бұған дейін министр вакцинация паспорты «Ashyq» қосымшасымен біріктірілетінін мәлімдеген болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...