Қазақстандық боксшылар «Странджда-2021» халықаралық турниріне қатысады

22 Ақпан 2021, 10:23
995
Бөлісу:
Қазақстандық боксшылар «Странджда-2021» халықаралық турниріне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшылар Болгарияда өтетін дәстүрлі «Странджда-2021» халықаралық бокс бәсекесіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

22-27 ақпан күндеріне жоспарланған байрақты бәсекеде тоғыз боксшы Қазақстан сапынан шаршы алаңға шығады.

Олар: Олжас Байниязов, Бейбарыс Жексен, Саматәлі Төлтаев, Қуан Қуатов, Нұрқанат Райыс, Бауыржан Байгоншеков, Сағындық Тоғмбай, Айболды Дәуренұлы және Әділ Басығараев.  

Өзгелердің жаңалығы