Қазақстандық боксшылар қанша медаль әкелуі мүмкін? – Сәпиев жауап берді

29 Шілде 2021, 17:55
3766
Бөлісу:
Қазақстандық боксшылар қанша медаль әкелуі мүмкін? – Сәпиев жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев қазақстандық боксшылар қанша медаль әкелетініне болжам жасады.

Журналист тікелей эфир кезінде отандық боксшыларымыз елге қанша медаль әкеле алады деген сұрақ қойды.

Серік Сапиев былай деп жауап берді.

Жүлде алуға үмітіміз бар. Үш-төрт медаль алуға болады. Енді Бибосыновтың франциялық қарсыласы - мықты боксшы. Осыдан қарсыласты жеңсе, келесі қарсыластарының деңгейі франциялықтай болмайды. Сосын Әбілхан Аманқұлдың, Қамшыбек Қоңқабаевтың және Зәкір Сафиуллиннің қарсыластары көшбасшылар емес, оларды жекпе-жекте жеңуге болады. Осы төрт боксшымыз төрт медаль ала алады. 3-4 медаль алсақ, жақсы болар еді, - деп жауап берді Сәпиев.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті. Ол 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездесті.

Бұған дейін Серік Сапиев Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және спорт түрлері бойынша федерациялар тарапынан Олимпиада ойындарына қатысып жатқан спортшылардың табысты өнер көрсетулеріне қажетті жағдай жасалғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы