Қазақстандық блогерлер қандай тақырыптарды қозғайды?

15 Қыркүйек 2021, 12:10
1868
Бөлісу:
Қазақстандық блогерлер қандай тақырыптарды қозғайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуразиялық медиа форум барысында Jokeasses командасының мүшесі, продюсер Бексұлтан Қазыбек айтты.

Біз әлеуметтік жобалар мен оны қалай ұсыну тақырыбы туралы айтқымыз келеді. Біздің негізгі аудиториямыз - жас аудитория. Біз өзіміз шығаратын өнімді дұрыс таңдауға тырысамыз. Мысалы, біз алкоголь, темекі өнімдерін шығаратын жарнама берушілермен жұмыс істемейміз, букмекерлік кеңселермен де жұмыс істемейміз. Өз роликтерімізде қоғамдағы маңызды тақырыптарды қозғауға тырысамыз, - деді Бексұлтан Қазыбек.

Ол қоғамдық және қайырымдылық қорлармен де бірге жұмыс істейтінін жеткізді.
Мысалы, біз «Аяла» қорымен жұмыс істеп, 30-дан астам жоба жасадық. Балалар үйлерімен жұмыс істедік, жануарларға арналған орындарға көмектестік. Биыл қормен бірлесіп Instagram-да ролик жарияладық, оны 1 млн оқырман қараған. Қыркүйектің соңғы жексенбісінде нашар естушілер күні аталады. Біздің бейнеде ым-ишарамен ең негізгі сөздерді көрсету идеясы болды. Мен тіпті түсініктемелерде есту проблемалары бар адамдардан көптеген пікір болатынын елестете алмадым. Олар ризашылықтарын білдірді. Біз үшін бұл да жаңа тәжірибе болды, - деді Бексұтан Қазыбек.
Сондай-ақ ол қазақ тілін насихаттауға байланысты көптеген ролик түсіргенін айтты.

Шын мәнінде, әзіл түрінде әртүрлі стильдерді қолданудан қорықпау өте маңызды. Белгілі бір сәтте өзекті болып табылатын заманауи трендтерді қолдану өте маңызды, - деді блогер.

Айта кетейік, Еуразиялық медиа форум 17 қыркүйекке дейін жалғасады.
Өзгелердің жаңалығы