Қазақстандық авиакомпания ішкі рейстердің тарифтерін төмендетеді

29 Қыркүйек 2021, 07:23
14554
Бөлісу:
Қазақстандық авиакомпания ішкі рейстердің тарифтерін төмендетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Эйр Астана» 2021 жылдың 1 қазанынан бастап ішкі бағыттар бойынша эконом-класстың шекті тарифтерін 10%-ға төмендетеді, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Бұл ретте әуе компаниясы бағаны тұрақты ұстау үшін негізгі серіктестердің қолдауын күтеді, соның ішінде Алматы халықаралық әуежайы.

1 қазаннан бастап Қазақстанда маршруттар бойынша эконом-кластағы шекті тарифтер 10%-ға төмендейді, ал жылдық перспективада кемінде 70% билеттер макроэкономикалық көрсеткіштер мен тарифтерді ескере отырып, төмен және орташа тарифтер бойынша қолжетімді болады, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Эйр Астана» ішкі бағыттарда бағасыз тариф енгізуді жоспарлап отыр.
Өзгелердің жаңалығы