Қазақстандық әскери қызметшілер Армия ойындарында екі конкурстың жеңімпазы атанды

4 Қыркүйек 2021, 13:48
2065
Бөлісу:
Қазақстандық әскери қызметшілер Армия ойындарында екі конкурстың жеңімпазы атанды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армия халықаралық ойындары аяқталуға жақын. Қазақстандық әскери қызметшілер 11 конкурсқа қатысты. Оның 2-уі ел аумағында өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптары арасындағы «Сұңқар аңшылығы» конкурсында Қазақстан командасы бұлтарыссыз жеңіске жетті. Екінші орынды – Беларусь, үшінші орынды – Ресей еншіледі.

«Артиллериядан оқ ату шеберлері» – бұл минаатқыш бөлімшелердің жарысы. Қазақстан жауынгерлері табанды күресте негізгі қарсыласы – ресейлік әскери қызметшілерден басып озып бірінші орын алды. Үшінші орын Әзербайжанға бұйырды.

Қазақстандық әскери қызметшілер Армия ойындарында екі конкурстың жеңімпазы атанды

Бұдан өзге, ел Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бірқатар сайыстардан жүлделі орындар алды. «Десант взводы» конкурсында ресейлік десантшыларға ғана есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.

Қазақстан сондай-ақ, «Тактикалық мерген», «Аттар марафоны», «Бейбітшілік жауынгері», «Тәртіп сақшысы», «Эльбрус шеңбері», «Теңіз кубогы» және «Армия мәдениеті» конкурстарында «қола» жүлде иегері атанды.

Қазақстандық әскери қызметшілер Армия ойындарында екі конкурстың жеңімпазы атанды

Армия халықаралық ойындарына қатысушы әскери қызметшілер Отаннан жырақта жүрсе де, Жамбыл облысында орын алған өрт кезінде бүкіл елмен бірге қайғырғанын бірнеше рет атап өтті. Армия ойындарындағы өздерінің жоғары жетістіктерін қаза тапқандардың рухына арнайды.

Қазақстандық әскери қызметшілер Армия ойындарында екі конкурстың жеңімпазы атанды

Бүгін Армия халықаралық ойындарының жабылу рәсімі күні «Танк биатлоны» конкурсының ақтық сайысы өтеді. Онда Әзербайжанның, Қазақстанның, Қытай және Ресейдің танк экипаждары бағын сынайды.

Қазақстандық әскери қызметшілер Армия ойындарында екі конкурстың жеңімпазы атанды      


Өзгелердің жаңалығы