Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Maqpalsher жобасының «Ауа» қысқаметражды анимациялық фильмі Түркияда өткен «Best Istanbul Film Festival» фестивалінде «Best Animation Short Film» номинациясында үздік деп танылды. Бұл туралы анимациялық фильмдер режиссері Дильшат Рахматуллин facebook-тегі парақшасында жазды.
2D анимация техникасындағы ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм үшін марапат Стамбулдағы фестивальдің қазылар алқасының қорытындысы бойынша режиссер Дильшат Рахматуллинге берілді. Ода әлемнің 24-тен астам елінен 240-тан астам фильм ұсынылды.
Біз үшін бұл жоба авторы Мақпал Жұмабай қойған мақсатты техникалық және көркемдік тұрғыдан көрерменге жеткізе алғанымыздың абыройы мен маңызды көрсеткіші. Біз Maqpalsher және Dala Animation командаларының сенімі мен баға жетпес тәжірибесі үшін ризамыз. Жаңа шыңдар мен шығармашылық көкжиектерді бағындыруды тілейміз. Bestistanbulff фестиваліне шабыт пен әлемнің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық адамдармен тәжірибе алмасу және қатысу мүмкіндігі үшін ерекше алғыс білдіремін, - деді ол.