Қазақстандық 7 боксшы «Ұлттар кубогі» турнирінің жартылай финалына шықты

14 Қаңтар 2021, 04:38
1159
Бөлісу:
Қазақстандық 7 боксшы «Ұлттар кубогі» турнирінің жартылай финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жеті спортшысы «Ұлттар кубогі» халықаралық жарысының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыстың ширек финалында қазақстандық боксшы Владислава Кухта Түркия спортшысын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Ал ұлттық құрама мүшелері Жансая Балтабекова мен Марина Вольнова қарсыластарына есе жіберіп алды. 

Сонымен қатар, осыған дейін Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Гүлсая Ержан, Ләззат Күнгейбаева, Дина Жоламан мен Арайлым Марат жартылай финалға шыққан. 

Өзгелердің жаңалығы