Қазақстандағы Түркия елшілігі мемлекеттік туын түсірді

29 Тамыз 2021, 14:26
12483
Бөлісу:
Қазақстандағы Түркия елшілігі мемлекеттік туын түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Қазақ еліне тілектестігін білдірген Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі ғимаратта ілінген мемлекеттік туын түсірді.

Қазақстанда жарияланған ұлттық аза тұту күніне байланысты бауырлас қазақ халқымен тілектестік ниетінде елшілігіміздегі туымызды жартылай төмен түсірдік. Осы орайда, жарылыстардан қаза тапқандарға тағы да Алладан рақым, жараланғандардың да тезірек сауығып кетуін тілейміз, - делінген елшіліктің Facebook-тегі хабарламасында.

Кеше Мемлекет басшысы Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған.

Жарылыстан қаза болғандар саны 13-ке жетті.

Өзгелердің жаңалығы