«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауының жеңімпаздары анықталды

7 Қыркүйек 2021, 17:31
8808
Бөлісу:
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстандағы климаттың өзгеруі» тақырыбындағы БАҚ өкілдері арасында өткен байқаудың қорытындысы жарияланды.

Байқауға қатысу үшін журналистер мен блогерлер аталған тақырыпта мақалаларын ұсынған болатын.

Конкурс жеңімпаздарын БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори жария етті.

Оның айтуынша, жаһанның экологиялық проблемаларын алдын алуда журналистер ықпалды рөл ойнайды.

Соңғы уақытта климаттың өзгеру масштабы кеңейді. Бүгінде климаттың өзгеруі мамандардың өзекті тақырыбына айналып отыр. Бұл – бәрінің көзі жеткен факт. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл үдерісті «қызыл код» деп атайды. Болашақта біздің климат жарты градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Оның алдын алу үшін дұрыс мақсат қоюымыз керек. Оған журналистердің ықпалы көп, - деді Микаэла Фриберг-Стори.

Сонымен қатар ол отандастарымыздан қатысушылардың көп болғандығын және жеңіпаздарды таңдау қиынға соққанын айтты.

Қазақстаннан жалпы саны 50-ден аса мақала жинақталды. Материалдардың бәрі БҰҰ-ның мұқият тексерісінен өтті. Біз үшін баға беру қиынға соқты. Климаттың өзгеруі, биоалуандылық, экожүйені сақтау мәселелерін қозғаған, терең ой туындататын мақалалар көп болды. Сондықтан жеңімпазды анықтау қиын болды, - деді ол.

Үшінші орын иеленген – «Elorda aqparat» ақпарат агенттігінің тілшісі Дулат Төлеповке БҰҰ сертификаты және қосымша 350 мың теңгенің ваучері берілді.

Екінші орынды «CABAR Asia» тілшісі Зульфия Раисова БҰҰ сертификаты және 650 мың теңге ваучерін иеленді.

Бірінші орынды алған «Astana Times» тілшісі Жанна Шаяхметоваға 1 млн теңгенің ваучері бұйырды.

Өзгелердің жаңалығы