Қазақстандағы экологиялық мәселелер қалай шешіледі?

16 Қыркүйек 2021, 16:55
5065
Бөлісу:
Қазақстандағы экологиялық мәселелер қалай шешіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов экологиялық мәселелер қалай шешімін табатынын айтып берді.

Министрлік «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы аясында экологиялық проблемалар мен оларды қоғаммен, әсіресе, барлық өңірлердегі экобелсенділермен шешу жолдарын қарастырды. Талқылау нәтижелері бойынша жұртшылықпен, әкімдіктермен және табиғат пайдаланушылармен бірлесіп, 17 жол картасы әзірленді. Оларда барлығы 485 іс-шара қарастырылған. 2021 жылы 95 іс-шара өткізу жоспарланған, - деді комитет төрағасы.

Ол баяндағандай, 2025 жылға қарай жол карталарын іске асыру 10 қалада атмосфераның ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл атмосфералық ауаның жай-күйін жақсартуға ықпал етеді.

Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында да көзделген. Жоғарыда аталған қалалардағы 16 ірі өнеркәсіптік объект эмиссияларды 20-дан 30%-ға дейін төмендету бойынша міндеттемелерді өзіне алды, - деп түсіндірді Зұлфұхар Жолдасов.

Оларға қол жеткізу үшін кәсіпорындар ең озық қолжетімді технологияларды енгізіп, тиісінше жаңа экологиялық кодекс шеңберінде кешенді экологиялық рұқсаттар алады.

Өзгелердің жаңалығы