Бас жаңалықтар
Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны  18,7%-ға азайды
25 Қаңтар 2021, 11:01 211

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 18,7%-ға азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы ел бойынша 13 515 ЖКО (2019 жылы – 16 614) тіркелді. 19 841 адам зардап шекті (2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға аз – 24 585), оның ішінде 17 844 адам жараланды (22 180, 19,5%-ға төмендеді).

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, ЖКО салдарынан 1997 адам, ал өткен жылы – 2405 адам қаза тапты. 

ЖКО-дан зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 4321-ден (2019 жылы) 3140-қа дейін төмендеді (ағымдағы жылы) және зардап шеккендердің жалпы санының 15,8%-ын құрайды. 

Жол оқиғаларының негізгі бөлігі елді мекендерде орын алады. 2020 жылы 10 080 ЖКО жасалды, бұл жалпы санының 74,6%-ын құрайды (2019 жылы – 12 686 ЖКО). 

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес ЖКО-ның 86%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен болған (11 717, 2019 жылы – 13 857), оның ішінде 544 (631) алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған. 

Статистика көрсетіп отырғандай, соқтығысудан болатын өлім ЖКО-да қаза болғандардың жалпы санының 36%-ын құрайды және «өлім» жағдайларының саны бойынша бірінші орын алады. 

Екінші орын – жаяу жүргіншіні қағып кетумен байланысты жол көлік оқиғалары. Бұл ретте ЖКО-да қаза болғандардың жартысынан астамы (65% немесе 1298 адам) ЖКО-ның көрсетілген екі түрінің үлесіне (соқтығысу және жаяу жүргіншіні қағып кету) келеді. 

Жол қозғалысы қағидаларында немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықтың артуынан 3732 ЖКО немесе ЖКО жалпы санының 27,6% жасалды. 

Алматы қаласында адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан ЖКО-ның 24%-ға жуығы немесе 3245 фактісі жасалған. Тиісінше, бұл жерде ЖКО-дан зардап шеккендердің ең көп саны тіркелген (3 891).
Елордада 466 ЖКО, Шымкент қаласында 322 ЖКО тіркелді. 

ЖКО-ның ең аз саны Атырау – 232 және Солтүстік Қазақстан – 238  облыстарында жасалды. 



Фото: дереккөз
Загрузка...