Қазақстанда жануарларды қорғау деген сөздің нақты анықтамасы жоқ

18 Ақпан 2021, 17:05
1967
Бөлісу:
Қазақстанда жануарларды қорғау деген сөздің нақты анықтамасы жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жануарларды қорғау деген ұғымның нақты анықтамасы жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығы» ЗТБ басшысы» Лилия Сарсенова айтты.

Оның айтуынша, бұл сөзді нақтылайтын заңды анықтама керек.

Бұл өте ауқымды ұғым. Мысалы жануарларды қорғау деген сөз бар. Бірақ оны көбінесе жабайы жануарларға қатысты айтамыз, қолданамыз. Сондықтан жануарларды қорғау деген ұғымды қолға үйретілгендеріне де, адамның иелігіндегі жабайы жануарларға да қатысты қолдануымыз қажет, - дейді ол.

Спикердің сөзінше, қазір желіде жануарларға зорлық көрсету фактілеріне қатысы бейнежазбалар көбейіп кетті. Оның соңы жауапкершілікпен аяқталмайты өкінішті. Және оның солай боларын жұртшылық та біледі. Бәлкім содан да болар мұндай жағдайлардың орын алуы жиілеген. 

Неге бұлай дегенде, әрине алдымен заңнаманың ақсап жатқанын атап өтуге болады. Елімізде жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заң жобасы қазір Мәжілістің қарауында жатыр. Оның қоғам өкілдерімен бірлесіп дайындалғанын атап өткен жөн. Өкінішке орай, Үкімет қорытындысы бойынша, көптеген мәселелер ескерілмей қалды. Түсінбестік орнады. Қоғам өкілдері мен біздің мақсатымыз тек жазаны қатаңдату емес болатын. Заң нормаларын концептуалдық тұрғыдан қайта қарау керек, - дейді ол.

Спикер заң нормаларына неге көңілі толмайтынын мысалмен түсіндірді.

Мысалы Атырауда итті жол бойы көлікке байлап сүйреген жан неге жазасыз қалды? Өйткені тергеу барысында ол итті алдымен байлаулы күйінде көлік багажында әкеле жатып, рельстен өткен кезде оның сыртқа шығып қалғанын айтқан. Ол оны байқамағынын айтып ақталды. Қылмыстық іс 316 бап бойынша қозғалған болатын. Ол бап бойынша қылмыстың мақсаты анықталу керек. Нәтижесінде қылмыстық құрамы анықталмады. Ал Хромтауда бірнеше көрмелерге қатысқан тұқымдас ит ауласында байланып тұрғын жерінде атылды. Оны белгісіз біреулер атып кетті. Алайда Қылмыстық кодекстің біреудің мүлкіне қасақана зиян келтіру деген 202 бабы бойынша іс қозғалмады. Өйткені бұл бап бойынша келтірілген зиян 200 айылық есептік көрсеткіштен асуы тиіс. Өткен жылы ол 556600 теңге болды . Ал иттің бағасы құжат бойынша ондай сомаға жетпейді. Сол үшін заң алдымен жануарларға ізгілікпен қарауды басшылыққа алу керек еді, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы