Қазақстанда вакцина салдырғандардың қаншасы қайта ауырған?

23 Шілде 2021, 16:35
3305
Бөлісу:
Қазақстанда вакцина салдырғандардың қаншасы қайта ауырған?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен брифингте елімізде вакцина салдырғандардың қаншасы қайта вирусты жұқтырғандары туралы айтылды.

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова брифинг кезінде вакцина алған қанша адам коронавирусты қайта жұқтырғандары туралы мәлімет берді.

Бүгінгі күні вакцинадан кейін коронавирус жұқтырған 4 765 жағдай тіркелді. Бірінші компоненттен кейін 2 384 жағдай, екінші компоненттен кейін 2 381 жағдай анықталды. Айта кететіні бұл вакцина алғандардың санының аз ғана мөлшері және ол 0,09%-ды құрайды, - деді ол.

Есмағамбетованың мәліметінше, Sputnik V бірінші компонентін салдырған 2 048 және екінші компоненті 2 102 жағдай тіркелді. Бұл 0,09%. Хаят вакцинасы бойынша 467 жағдай. Оның 246 бірінші және 221 екінші компонент алғандар. Пайыздық көрсеткіші 0,09 пайызды құрап отыр.

CoronoVac алғандардың 56-сы қайта вирус жұқтырды. Оның 45-і бірінші компонент және 11-і екінші компонентін алғандар арасында тіркелді. QazVac салдырғандардың 86-сы вирусты қайта жұқтырса, оның 41-і бірінші компонент алғандар және 45-і екінші компонент алғандар, - деп толықтырды Айжан Есмағамбетова брифингте.



Өзгелердің жаңалығы