Қазақстанда ұлтаралық дау жоқ – Майя Бекбаева
3 Желтоқсан 2021, 18:23 235

Қазақстанда ұлтаралық дау жоқ – Майя Бекбаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Бейбітшілік және келісім жолымен» атты тележобасы тұсаукесерінің кулуарында айтты.

Ұлтаралық дау армяндар мен әзербайжандарда бар. Даудың негізі ретінде көпжылғы бір-біріне деген өшпенділік жатыр. Қазақтарда елімізде тұрып жатқан бірде-бір ұлтпен ондай дау, келіспеушілік жоқ. Сондықтан бұл жерде «Қазақстанда ұлтаралық дау-дамай бар» деп айта алмас едім. Бізде ешбір этноспен дау жоқ. Иә, тұрмыстық жағдайлар болады. Қазір интернет дамыған заманда кез келген ақпаратты өзгертіп таратудың нәтижесінде арандатушылар ақпараттық ілік тудырып, ұлтаралық кеңістікке шығарады, - деді Майя Бекбаева.

Оның айтуынша, елімізде кейбір этностар арасында терең дау бар деп айтуға жөн жоқ.

Біздегі халық тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Жақындағы Пенжім ауылындағы оқушылар арасындағы төбелес те біреуі қазақ, біреуі ұйғыр болғаннан туған жоқ. Балалар жай төбелесіп қалды. Тек бұл оқиғаны бұрмалап тарата бастады. Қазақтар мен ұйғырлар көп жыл бойы бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Екі жақ тарап қосылып көтерген шаңырақтар да аз емес, - деді ол.


Фото: автордан
Загрузка...