Қазақстанда тұрмыстық техника бағасы қымбаттайды

16 Ақпан 2021, 11:58
4787
Бөлісу:
Қазақстанда тұрмыстық техника бағасы қымбаттайды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы «Катэкс» Қазақстан электр тұрмыстық, компьютерлік техника және күрделі техникалық жүйелер сауда компаниялары мен тауар өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ-ның төрағасы Сергей Архипкин Алматы Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

Оның айтуынша, алдағы уақытта елімізде тұрмыстық техниканың бағасы айтарлықтай қымбаттайды және оны жеткізу деңгейі төмендейді. Оған себеп электроника импорты мен өндірісі үшін төлеуге міндеттелген авторлық алым енгізіліп жатыр.

Қазақстанда 1996 жылдан бері шетелден әкелінген аудио және бейне жазбалар үшін авторға ақы төлеу заңы бар, бірақ ол осы уақытқа дейін жұмыс істемей келді. Енде сырттан әкелінетін телефон, планшет, компьютер, теледидар және басқа құрылғылар үшін авторлық алым енгізіліп отыр. Осы бастамалардың бастамашысы болған Әділет министрлігі Кәсіпкерлік кодексі мен ҚР Бюджет кодексінің елеулі бұзушылықтарына жол берді, - дейді ол. 

Сондай-ақ ол мұндай алымдардың кесірінен тауар бағасы қымбаттап, негізінен халыққа ауыр тиеді деген ойда.

Біз бұл алымдардан бөлек кедендік салық төлейміз және одан тыс тағы қосымша құн салығын төлейміз. Осы квазиналогтың абсурдтығын дәлелдеу үшін Alvin Market тәуелсіз аудиторларының көмегіне жүгіндік. Олар нарыққа зерттеу жүргізді. Респонденттердің 84%- ы авторлық мазмұнды мүлдем көшірмегендерін айтты. Бейнежазбаны интернет арқылы қарау кезінде пайдаланушылар жарнамалар арқылы монетизацияланатын тегін мазмұнды таңдайды – 59%-ы YouTube немесе Vimeo арқылы бейнені көреді. Респонденттердің 66%-ы авторлық алым енгізуді әділетсіз шешім деп санайды. 88%-ы отбасындағы әр құрылғыдан алым алынады дегенді қате деп санайды. Сондай-ақ, электроника қолданушыларының 83%-ы олар мүлдем тыңдамайтын, оқымайтын және қарамайтын авторларға шегерім төлеуге мәжбүр болатындықтарын әділетсіз деп санайды. Бұдан басқа, авторлық алымды енгізу Қазақстанда электроника импортын 2%-ға қысқартуына және Ұлттық бюджетке алымдар 2%-ға дейін алынбауға әкеліп соғуы мүмкін, - дейді Сергей Архипкин.
ҚР Мәжілісі жанындағы Жұмыс тобының мүшесі, Авторлық құқық жөніндегі сарапшы, заң ғылымдарының кандидаты Темірлан Төлегенов мұндай алым жинаушылар еліміздегі бизнеске кері әсер ететінін айтады.
Бұрын той өткізетін мейрамханаларға онда қосылған музыка үшін атворлық алым алатындар келетін. Енді елде сатылатын тұрмыстық техника үшін алым жинайтындар шықты. Мұның барылғы елдегі бизнеске, түптеп келгенде соңғы алушы халықа кері әсер ететіні белгілі. Сондықтан бұл алым туралы заңды әлі де реттеу керек, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы