Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болуы мүмкін

20 Сәуір 2021, 22:54
1525
Бөлісу:
Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаулы жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген. «Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасына сәйкес, Малшылар күні мерекесін маусымның екінші жексенбісі атап өту көзделген. Құжат биылғы жылғы 5 мамырға дейін талқылауға ұсынылған.

Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды. Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе саяси-құқықтық және өзге де салдарларды болжамайды. Жобаның мақсаты елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу болып табылады, - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндірмесінде.

Сонымен қатар, талқылауға ұсынылған құжатта Малшылар күнін атап өту маусым айының екінші жексенбісіне бекіту туралы айтылған. 

Өзгелердің жаңалығы