Қазақстанда шығарылған автокөліктер саны артты

4 Желтоқсан 2020, 19:36
1206
Бөлісу:
Қазақстанда шығарылған автокөліктер саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық өндірушілердің ақпараты бойынша, 2020 жылдың 11 айында Қазақстанда 1167 санитарлық автокөлік шығарылған. Ал былтыр мұндай 182 автокөлік өндірілген еді.

Жалпы алғанда, 2020 жылдың 10 айында отандық автокөліктер өндірісі ақшалай көлемде 495,4 млрд теңгеге жетті. 2019 жылғы бұл көрсеткіш 356,6 млрд теңге болған. Ал ауыл шаруашылығы техникасы өткен жылы 35 млрд. теңге шығарылса, қазір 72,2 млрд теңгеге дейін артты – делінген хабарламада.

Елімізде 2020 жылдың 10 айында 873 комбайн, 1857 трактор,1773 автобус, 6 031 жүк және арнайы техника, 52 138 жеңіл автокөлік өндірілді. 2019 жылы отандық кәсіпорындар 395 комбайн, 1 220 трактор,1057 автобус, 4 360 жүк және арнайы техника,44 077 жеңіл автомобиль шығарған болатын.

Өзгелердің жаңалығы