Бас жаңалықтар
Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға ниеттіміз – Талғат Нәрікбаев
20 Қаңтар 2021, 20:48 187

Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға ниеттіміз – Талғат Нәрікбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Меморандумға қол қою рәсіміне «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры Евгений Кочетов қатысты.

Университет жанынан ашылған MEDIA CLUB пен «Медиа дамыту қоры» қоры бірігіп бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жоспарларымен бөлісті. 

Медиа-клуб аясында журналистердің құқық, экономика салалы бойынша білімін арттыру мақсатында ZAN&MEDIA курсын бастадық. Қазақстанда салалық журналистиканы дамытуға ниеттіміз. «Медиа дамыту қорымен» меморандум аясында БАҚ өкілдеріне кәсіби тұрғыда өсуіне ықпал ететін шаралар өткізуге дайынбыз. Журналистер қауымына университет есігі әрқашан ашық, екі тарап бірігіп жақсы жобаларды жүзеге асырамыз деген үміттемін, - деді КАЗГЮУ Университетінің төрағасы Талғат Нәрікбаев. 

Ресми шара барысында «Медиа дамыту қоры» басшысы екі жақты келісім БАҚ өкілдерін оқытуда, саланың дамуына айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті. 

«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының басты мақсаты – медиа сала мамандарының кәсіби потенциалын айқындау және біліктілігін арттыру арқылы медиа саланың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату. Ал бүгін КАЗГЮУ университетімен жасасқан ынтымақтастық туралы меморандумымыз медиа саласы мамандарын оқытуына және бұл саланың дамуына өзіндік үлесін алып келеді деген сенімдеміз, - дейді Евгений Кочетов.


Фото: дереккөз
Загрузка...