Бас жаңалықтар
Қазақстанда өсірілген қызанақ Ресей экспортына шыға бастайды
26 Қаңтар 2021, 20:00 198

Қазақстанда өсірілген қызанақ Ресей экспортына шыға бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қаңтардан бастап Қазақстанда өсірілген қызанақтарды Ресейде сатылуына шектеу алынып тасталады. Бұл туралы АШМ хабарлады. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейдің Россельхознадзор қызметімен келіссөздер жүргізіп, «Green Capital Kazakhstan» ЖШС және «Green Land Alatau» ЖШС-нің қызанақ жемістерінде қауіпті вирусы (Tomato brown rugose fruit virus немесе ToBRFV) бойынша жылыжайлардың карантиндік фитосанитариялық жай-күйі туралы өзекті ақпаратты ұсынды, - делінген хабарламада. 

Қазақстан тарап ұсынған құжаттардың қорытындысы бойынша Россельхознадзор ағымдағы жылдың 27 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясына Ақтөбе және Алматы облыстарынан қызанақ жемістерін алып келуге уақытша шектеулерді алып тастайтын болды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...