Қазақстанда орташа зейнетақы 85 мың теңгеден асты – Сапарбаев

24 Маусым 2019, 12:08
1545
Бөлісу:
Қазақстанда орташа зейнетақы 85 мың теңгеден асты – Сапарбаев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша орташа зейнетақы 85 мың теңгеден асқан. Бұл туралы Халықпен есеп беру кездесу барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты. 

«Өткен жылы біз базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерттік. Енді оның мөлшері еңбек өтіліне тікелей байланысты. Соның арқасында 10 жылдан астам еңбек өтілі бар 2,1 млн адам үшін базалық зейнетақы орта есеппен 80% - ға артты. Биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша базалық зейнетақының орташа мөлшері 27 мың теңгені, ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (ынтымақты және базалық) 85 785 теңгені құрап отыр», - дейді Бердібек Сапарбаев. 

Оның айтуынша, былтырғы жылы зейнетақыны ресімдеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілген. Егер бұрын төлем тағайындау үшін 4 өтінішті тапсыру қажет болса, қазір ХҚКО-ға тек бір өтініш беріледі.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы ондағы азық-түлік емес бөліктердің үлесін 40%-дан 45%-ға дейін ұлғайту жолымен қайта қаралды. Әлеуметтік төлемдер 3 млн қазақстандық үшін 16%-ға дейін өсті. Былтыр 6,1 млн астам жұмыс істейтін азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылды. Мәжілісте қаралып жатқан «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» жаңа заң жобасы әзірленді. 2020 жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері орта есеппен 30% - ға артады деп күтілуде», - дейді министр.
Өзгелердің жаңалығы