Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды

13 Қыркүйек 2021, 14:13
17916
Бөлісу:
Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.


Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын - БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі. БҚПҒЗИ «Антиген» алаңын пайдалана отырып, медициналық вакциналарды, оның ішінде «QazVac» шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты.
 
Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды. Биылғы қыркүйек айында қуаты айына 1 млн дозаға дейін жететін «Антиген» алаңында «QazVac» вакциналарының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды. 

Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакцина өндіруге арналған екінші өндірістік алаң дайындалды

Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Антиген» ҒӨК «OtarBioPharm» ЖШС жанындағы биофармацевтикалық зауытпен қатар БҚПҒЗИ әзірлеген «QazVac» қазақстандық вакцинасын шығару бойынша екінші өндірістік алаңға айналды.

Өзгелердің жаңалығы