Енді көлікті онлайн режимде қайта тіркеуге болады

25 Қаңтар 2021, 20:51
1439
Бөлісу:
Енді көлікті онлайн режимде қайта тіркеуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желідегі парақшасында жазды.

Министр қызметіне тағайындалғаннан кейінгі алғашқы істердің бірі – мамандандырылған ХҚКО-ға бару болды. Мен сонда адамдардың көп жиналуынан туындайтын бейберекеттігін қалай жеңуге болатынын ұзақ ойландым. Біз командамен нақты шешімге келе отырып, жалғыз дұрыс жол – бұл қызметтерді онлайн аудару екенін түсіндік. Электрондық қызметті eGov-та қалай жасалғанын қарап, өзім іске асыра отырып, көлікті онлайн режимінде қайта тіркедім. Жалпы кеңесшімен келісе отырып, қызметті алу екі сағатқа созылды, – деп жазды министр.
Сондай-ақ, ол ІІМ процесті толығымен қайта қарауды және осы қызметті Kaspi.kz, Homebank, Сбербанк және басқа да банктардың сервистеріне шығаруды ұсынғанын айтты.
«ҰАТ» АҚ, ІІМ ӘПК төрт айға жуық қызметті толық жетілдіріп, бүгін Ішкі істер министрімен Kaspi.kz мобильді қосымша арқылы автокөлікті қайта тіркеу қызметін ресми түрде іске қосамыз. Енді, көлікті қайта ресімдеу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға барудың қажеттілігі жоқ. Тек Kaspi.kz қосымшасына кіріңіз, мемлекеттік қызметтер бөлімінде банктерді таңдап, автокөлігіңізді қайта рәсімдеңіз. Ағымдағы кезеңде Халық банк несиеге сатылатын көлікті қайта рәсімдеу бойынша қызметті іске асыруда, – деп жазды Бағдат Мусин.



Өзгелердің жаңалығы