Қазақстанда кедейлер саны көбейген

22 Қыркүйек 2021, 05:14
20782
Бөлісу:
Қазақстанда кедейлер саны көбейген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда кедейшілік деңгейі өткен жылдан бері екі есеге артты. Бұл туралы IFC өкілі Екатерина Бенджамин жеткізді, деп хабарлайды  LS.

Kazakhstan Growth Forum-дағы панельдік сессия барысында ол елдің шешілуі қажет күрделі сын-қатерлеріне тоқталды.

Спикер макроэкономикалық көрсеткіштерге қарайтын болсақ, пандемия кезеңінде көптеген жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес күйрегенін атап өтті.

Кедейлік деңгейi – бұл өткен жылдан бері екі есеге өсті, – деп толықтырды Бенджамин.
Оның айтуынша, Қазақстанға бәсекеге қабілеттілік пен инвестициялық тартымдылықты арттыру қажет. Себебі қазір ел шетелдік инвесторлар үшін тартымды емес. Мұның себебі – ақпараттың шынайы әрі жеткілікті болмауында. Халықаралық стандарттар бойынша бизнес жүргізуге деген ұмтылыс онша дамымаған.
Екінші жағынан, нарықтағы бәсекелестік әлсіреді. Бұл мемлекет субсидиясыз өмір сүре алатын бизнес сегментін негізінен субсидиялайды және қолдайды, – деді IFC өкілі.
Осылайша, қаржыландыруға қол жетімді ірі компаниялардың өнімдері субсидия ала алмайтын шағын компанияларға қарағанда әлдеқайда арзан болады.
Демек, экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін біздің шағын және орта бизнесіміз біз көрсеткіміз келетін қолдауды алмайды. Ал бұл ШОБ-ты қалай қолдау және дамытуға серпін беретін маңызды мәселе, – деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы