Қазақстанда қанша вакцина қалғаны белгілі болды

14 Мамыр 2021, 17:29
1162
Бөлісу:
Қазақстанда қанша вакцина қалғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында елімізде вакцинаның қанша дозасы қалғаны туралы айтылды.

Журналист баспасөз конференциясына қатысып жатқан спикерлерге елімізде коронавирус инвекциясына қарсы вакцинаның қанша дозасы қалғаны және осы айда оның қаншасы таратылатыны туралы сұрақ қойды.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл қойылған сұраққа былай деп жауап берді.

Бүгінгі күні Қазақстан бойынша COVID-19-ға қарсы 798 мың доза вакцина бар. Оның 428 мың дозасы Sputnik V вакцинасы (200 мыңы бірінші компонент және 220 мыңы екінші компонент – дәрігер) және 400 мың Hayat-Vac вакцинасы бар. Сонымен қатар 28 мың QazVac вакцинасы бар, - деп жауап берді дәрігер.

Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Тағы қанша вакцина болатыны туралы сұраққа жауап беру менің құзыретімде емес. Сол себепті СҚ-Фармация өз тарапынан қанша вакцина кесте бойынша аймақтарға жеткізілетінін айтады. Дегенмен бүгінгі таңда 798 мың доза вакцина қазақстандық медициналық мекемелерде бар, - деді маман.

Өзгелердің жаңалығы